Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы 2022 жылғы 27 наурыздағы шешіміне сәйкес Есқалиев Асхат Мажитұлы Жаңадария ауылдық округінің әкімі қызметіне орналасты. Бұл туралы Жалағаш ауданы әкімдігі хабарлады.
Асхат Мажитұлы 1990 жылы 21 тамызда Жаңадария ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы заңгер. Еңбек жолын 2012 жылы «Ел қайраты» қоғамдық бірлестігінде нұсқаушы болып бастаған.
2013-2014 жылдары – «Қайнар» қоғамдық бірлестігінің спорт нұсқаушысы.
2015-2017 жылдары – Қызылорда жылу-электр орталығының инженері, ауысым бастығы.
2017-2019 жылдары – Жаңадария ауылдық округ әкімі аппаратының статисты, жетекші маманы.
2019 жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін Жаңадария ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келді. Үстіміздегі жылдың 27 наурыз күні өткен ауылдық округ әкімінің сайлауында Асхат Мажитұлы 68 пайыз дауыс алып, сайлаушылардың басым көпшілігінің қолдауына ие болды. Асхат Мажитұлына жаңа қызметінде табыс тілейміз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<