Жаңақорған ауданының тұрғындарына 19 мың тонна қатты отын жеткізілді

1027

0

Жаңақорған ауданында әлеуметтік маңызы бар 144 ұйым бар. Аталған ұйымдардың 100-і қатты отынмен, 21-і сұйық отынмен қамтылған. Сондай-ақ, 23 нысан табиғи газ отынын пайдалануда. Бүгінгі таңда ауданға 24 900 тонна қатты отын жеткізілді. Қажеттілік толық 100 пайызға орындалды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Ерділда Сұлтанбеков хабарлады.

Жаңақорған ауданының тұрғындарына 19 мың тонна қатты отын жеткізілді

«Жаңақорған ауданында 85 мыңнан аса тұрғын бар болса, газдандыру үлесі халық санына шаққанда 38,8 пайызды құрайды. Ал қатты отынмен 61,2 пайыз тұрғын қамтылды. Табиғи газ жүйесіне 5 717 тұрғын үй, 124 коммуналдық-тұрмыстық нысандар қосылған. Жылу беру маусымында әлеуметтік нысандарға 5900 тонна көмір және 841 тонна сұйық отын жеткізу жоспарланды. Ал аудан халқына қажетті 19 мың тонна көмір тасымалданды. Тағы бір айта кететін жәйт, жаңадан қосылған мөлтек аудандарға газ құбырын жүргізу бойынша жоба-сметалық құжаттар әзірленуде. Биыл аудандағы жеті елді мекенді табиғи газға қосу үшін облыстық және аудандық бюжеттен арнайы қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Аудандағы қоймаларға апта сайын 600-700 тоннадан қатты отын жеткізіліп жатыр. Жалпы жылу маусымының өту барысы қалыпты деңгейде екенін айтқым келеді», – деді Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Ерділда Нұртазаұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<