Жаңақорғанда 589 адам қайтарымсыз грантқа қол жеткізді

986

0

Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асырам деген азаматқа мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, республикалық бюджеттен 324 миллион көлемінде қаржы бөлінді. Бұл туралы аудан әкімі Руслан Рүстемов мәлімдеді.

Нәтижесінде Жаңақорғанда 589 адамға қайтарымсыз грант берілген. Сондай-ақ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы ауданға 368 млн. 250 мың теңге қаржы бөлініп, 106 адамға және «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 7 адамға және 113 кәсіпкерге несие алу үшін жолдама ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<