Жаңақорғанда жаңашылдық көп

148

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті айтарлықтай артып, былтыр барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім қалыптасты. Мәселен, ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көрсеткіші 140 млрд теңгеге жетіп, өсім 124,2 пайызға жетті. Ал, өңдеу өнеркәсібі бойынша жалпы өсім 140,6 пайызға артқан. Бұдан бөлек, ауданның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 105,4 пайызға ұлғайып, 60,5 млрд теңгені құрады. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеуімбетов аудандағы оң нәтижелер мен жолға қойылған нақты жоспарларды баяндады.

-Былтыр ауданымыздағы барлық салаларда ауқымды жұмыстар атқарылды. Соның ішінде құрылыс саласы қарқынды дамыды. Атап айтқанда, 2023 жылы ауданымыздағы құрылыс жұмыстарының көлемі 123,9 пайызға орындалып, межеленген жоспар толық орындалды. Сондай-ақ, былтыр 58 265 шаршы метр болатын тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, аудан халқының игілігіне пайдалануға берілді. Өздеріңіз білетіндей, Жаңақорған ауданы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға өте ыңғайлы аймақтардың бірі. Тиісінше, облыстағы барлық мал басының 28,7 пайызы біздің ауданда өсірілуде. Оның ішінде қойдың үлесі 47 пайызды құрайды. Осы жылдың қаңтар айындағы мәлімет бойынша, ауданда мүйізді ірі қара саны – 67 144 бас, уақ мал – 266 003 бас, жылқы – 25 398 бас, түйе – 1 790 бас, құс – 21 155 бас тіркелген. Мал басын әрі қарай көбейту және асылдандыру бойынша жұмыстар өз жалғасын табады. Егін егу бойынша да ауданымыз нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, былтыр 7 903 гектар жерге негізгі дақыл күріш егіліп, толығымен бастырылды. Тиісінше, егілген күріштің әр гектарынан 56,3 центнерден өнім жиналды, – деді Мұрат Жолкелдіұлы.

Мөлдір САҒЫНБАЕВА,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің

4-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<