Жаңақорғандық кәсіпкер әжетхана қағазын өндіруде

449

0

Фото: Байқоңыр ӘКК

Бүгінгі «Ауыл аманаты» айдарындағы біздің кейіпкеріміз Жаңақорған ауданының тұрғыны Шолпан Сүлейменова. Ол өзінің алғашқы кәсібін «Ауыл аманаты» ұлттық жобасы арқылы өткен жылдан бастап әжетхана қағазын өндіруді қолға алған.

«Жаңақорған» деп аталатын бұл әжетхана қағаздарын Шолпан Жігерқызы аудандағы шағын және ірі сауда үйлеріне таратып отыр. Сұраныстың жоғары болуына сай цехта күніне 10 мыңнан аса қағаз өндіріліп, айына 1 млн. теңгеден астам табыс табуда.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында өткен жылдың қараша айында 2,5 пайыздық несие арқылы 4 млн қаржы алып, әжетхана қағазын өндіру кәсібін аштым. Қағаз шикізаты Шымкенттен келетін болса, сыртқы қабатын Алматыдан алдыртамыз, дизайны өзімізден. Қазір қарамағымда 3 жұмысшы бар. Бүгінде өзіме қолғанат болып, бұл кәсіпті балаларым табысты жүргізуде, – деді кәсіп иесі.

Сапасын баса мән берген кәсіпкер 2-ші класты жұмсақ, ақ түсті, ең бастысы тез жыртылмайтын әжетхана қағаздарын өндіруде. Шолпан ханымның айтуынша алдағы уақытта 1-ші класты үй жағдайындағы қағаздарды да (салфетка) өндіруді қолға алып, аймақ нарығына жол тартсақ дейді.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<