Жаңашыл жобаларға жол ашық

470

0

Өңірлік коммуникациялар қызметі 2016 жылы наурыз айында құрылып, сол уақыттан бері аймақтың медиа саласының дамуына өз үлесін қосып келеді. Орталықтың негізгі бағыты – мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, түрлі салаларға бағытталған ауқымды жұмыстарды халыққа жеткізу, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланысты одан әрі нығайту.

– Бұл ретте орталығымызда «Жаңалықтар мен ақпараттық контентті қалыптастыру» бөлімі құрылған. Бөлім тікелей баспасөз конференциялары мен көшпелі брифингтерді өткізеді. Қала және аудандарда баспасөз турларын ұйымдастыру мен облыс жаңалықтарын жариялаумен айналысады. Жыл басынан бері біздің ақпарат алаңында 369 брифинг, 62 көшпелі брифинг, 28 баспасөз туры өткізілді, – дейді облыстық қоғамдық даму басқармасы өңірлік коммуникациялар қызметінің директоры Гүлнұр Бүркітбаева.

Орталық биыл облыста салынып жатқан нысандар мен ел игілігіне пайдалануға берілген жаңа ғимараттарды, көзтартар көрікті жерлерді халыққа кеңінен насихаттау үшін қызықты жобаларды жүзеге асырды. Әлеуметтік желілердегі пабликтерде креативті видеороликтер шығарылып, көрсетілім көп жинады.

Жаңа бағдарламалар да көрермендерге жол тартты. Атап айтқанда, еркін форматтағы «Кешкі кофе» жобасының 5-шығарылымы жарық көрді. «TED Q» ашық алаңы ұйымдастырылып, оған орталық жанынан құрылған сарапшылар тобы қатыстырылды.

Еңбек адамдарының жұмысын жұртшылыққа насихаттау мақсатында «Кәсіп қылам десеңіз» айдарымен бейнекөріністер түсірілсе, «Нүкте», «Ашығын айтсақ» хабарлары көпшілік тарапынан жоғары бағаланды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<