Жаңашылдық жаршысы

764

0

Партияның ең белсенді және сенімді мүшелерін анықтау мақсатында жүргізілетін алдағы партияішілік іріктеу 2020 жылдың 17 тамызында басталып, 3 қазанында аяқталады.

Партия басшылығының жоспары бойынша праймериз нәтижесінде кім көп дауыс алады, сол аудандық, облыстық мәслихат пен Мәжіліске депутат атану құқығын иеленбек. Праймериз жүргізу сонымен қатар тыңдау құқығына ие жаңа тұлғаларды, жаңа идеялар мен ұсыныстарды ашуға мүмкіндік беретін жаңалықтардың бірі. Ережеге сәйкес үміткерлер арасында көпшілік пікірталасқа көп көңіл бөлінеді. Мұндай ашық пікірталас, бәсекелестік кезінде партия қатарын шын мәнінде патриот, отаншыл, халықтың арасынан шыққан азаматтармен толықтыруға және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне жаңа серпін беретін тың көзқарасты жастардың, саясаткерлердің пайда болуына толық мүмкіндік туғызбақ. Ал, толықтай алсақ, өзгермелі ахуал жағдайында жаңа саяси мәдениеттің пішіндері мен іргетасының қалыптасуына септігін тигізбек.
Қарапайым тілмен айтқанда, партияішілік праймериз – халық арасынан көзі ашық, көкірегі ояу, ұлттық мүддені, елдің қамын ойлаған азаматтарды іріктеудің тиімді тәсілі.

Сондықтан, сайланатын азаматтар осы қағидаларды ескере отырып, болашақта белсенділік көрсетеді деп сенемін.

Дәулет ОМАРОВ,

«Nur Otan» партиясы «Дарын» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Гуманитарлық-педагогикалық институты директорының орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<