Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен 22 маусым күні құбылмалы күн райы сақталады. Жекелеген өңірлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде желдің күшеюі сақталады. Солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерін түнде және таңертең тұман басады.
Жамбыл, күндіз Павлодар, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Атырау облысында қатты ыстық сақталады. Сондай-ақ қатты ыстық Жамбыл, Түркістан облыстарында күтіледі.
Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<