Жапония Айда зауыт салады

870

0

Жапония аэроғарыштық зерттеу агенттігінің хабарлауынша, 2035 жылға қарай Айда сутегі отынын өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Зауыт Жер серігінің оңтүстік полюсіне жақын жерде орналаспақ. 

Ол жерде мұз шөгінділері бар, олардан ауыз су, оттегі және сутегі алынады. Соңғысын Айдың өзіне немесе ғарыш стансасының арасында ұшу үшін отын ретінде қолдануға болады. Ғалымдардың алдын ала есептеулері бойынша ол үшін 21-ден 37 тоннаға дейін су қажет. Соның нәтижесінде Жерден отын тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік болады.

Сондай-ақ жобаны сәтті жүзеге асыру арқылы Ай мен ғарышты зерттеу қарқынын жеделдетуге көмектеседі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<