Жапонияда бір сабақ жүзім 12,7 мың долларға сатылды

544

0

Жапонияда жоғары сапалы қызыл жүзімнің бір сабағы 1,4 миллион иенаға (12,7 мың доллар) сатылды.  «Рим жақұты» (Ruby Roman) деп аталатын жемісті Тайваньдағы Yumaowu жапон супермаркеттер желісінің менеджері Се Мин сатып алды.

«Рим жақұты» Канадзавадағы аукционда үшінші жыл қатарынан рекорд суммаға сатылып жатыр.

Се Мин-Тан өзінің дүкеніне жүзімді сатуға қойып, онымен тұтынушыларды қызықтырғысы келетінін айтады.

«Мен Рим жақұтын Тайвань халқына көрсеткім келеді. Жүзімнің алуан түрін жасаған адамдардың қажырлы еңбегі туралы ойлағанда бұл жүзімнің 1,4 иеннен де әлдеқайда қымбат екенін түсінесіз», – дейді кәсіпкер.

Рим жақұтының 253 басы аукционға қойылған.

Айта кетейік, Ruby Roman – әлемдегі ең қымбат жүзім сорты. Оны 1994 жылы алғаш рет жапон селекционерлері өндірген. Бірақ ол сатылымға тек 2008 жылы шығарылды. Бұл жеміс қызыл-лағыл түсті және өте тәтті дәмі бар үлкен шырынды дәндермен ерекшеленеді.

Дереккөз: Massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<