Аймақ басшысының қолдауымен қалаға кіреберіс барлық күре жолдар кеңейтіліп, көлік қозғалысын реттеуге барлық жағдай жасалуда. Осындай маңызды жобалардың бірі – Жаппасбай батыр көшесін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу. Осыған орай, 3,2 млрд. теңгеге жоба әзірленіп, республикалық бюджетке ұсынылады.
Жолдың аспалы көпірден бастап, Қорқыт ата көшесіне дейінгі аралығы 3,3 шақырымды құрайды. Жоба бойынша көше 4 жолаққа ауыстырылады. Сонымен қатар, көше бойы жарықтандырылып, жаңа аялдамалар орнатылады және заманауи бағдаршамдар қойылады.
Қала әкімі Асылбек Шаменов көшенің екі бетінде көпқабатты тұрғын үйлер мен білім беру ұйымдарының орналасуына орай, балалардың жолдан өту қауіпсіздігіне баса назар аударып, жобалаушы мекеме «КБ Мұнай Инжиниринг» компаниясының жетекшілеріне жобаны қайта қарауды тапсырды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<