Жақсықылыш кентіндегі әйелдер форумы

1372

0

Жақсықылыш кентінде «Әйелдің бақыты – отбасы» атты бірінші әйелдер форумы өтті.

Шараның негізгі мақсаты кенттегі ардақты аналар мен қыз-келіншектердің жұмысын үлгі ету, жағымды отбасы бейнесін дәріптеу, ізгілікті-рухани құндылықтар негізінде қоғамда белсенді әйелдердің ролін қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау.

Нәзік жандыларды бір арнаға тоғыстырған форумды аудан әкімінің орныбасары К. Бержанов ашып, қазіргі қоғамдағы әйел-азаматшалардың рөліне тоқталды.
-«Қазақ қашан да қызын құрметтеп, төрге шығарып, әйелін жарым деп сыйлап, анасын асыл қазынам деп бағалаған. Қазақ әйелінің ұлттық болмысын және отбасы құндылықтарын сақтау жолында осындай кездесулердің маңыздылығы жоғары деп есептеймін. Мұндай басқосулар нәзік жандылардың көкейінде жүрген көп сауалының жауабын табуына, жетістіктерімен бөлісіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берері сөзсіз.

Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі. Осы ерекше қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елімізге ырыс-құт дарысын. Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт тілеймін!»-деді.

Форум барысында кенттегі денсаулық сақтау, білім беру салаларының, «Аралтұз» өндіріс орнындағы ардагер-аналар өмірлік тәжірибелеріндегі естеліктерімен бөлісіп, өнегелі өсиеттерін ортаға салды.

Сонымен бірге қарияларды ардақтап, қадір тұтуды насихаттайтын көрініс сахналанып, әйел-аналарға арналған әсем әуендер орындалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<