Жария талқылау туралы хабарландыру

311

0

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен
«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есебінің жария талқылауын өткізетіндігін хабарлайды.

Жария талқылау 2024 жылдың 18сәуірінде сағат 17:00-де, Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, № 47 үй мекен-жайы бойынша 4-қабат, мәжіліс залында өткізіледі.

Қосымша ақпаратты келесі байланыс телефоны арқылы алуға болады: 8/7242/279024.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<