Жарнама билбордтары бақылауда

531

0

Фото: Қала әкімдігі

Қала аумағында заңсыз орналастырылған және шаһардың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізетін сыртқы көрнекі жарнамаларға мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Мониторинг барысында сыртқы жарнама ілудің заңдылықтарына назар аудармай, өз қалауларынша жарнамаларды орналастырып жұмыс жасаған тұлғалар анықталды. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мен мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерінен құралған жұмысшы топ тарапынан кәсіп иелеріне ескертулер берілді. Ескертуді елемеген тұлғаларға заң шеңберінде тиісті шаралар қолданылуда.

Айта кету керек, «Жарнама туралы» ҚР 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңының талаптарында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдардан белгілі бір мерзімге рұқсат алуы көзделген.

Қала әкімдігі тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<