Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі мен мемлекеттік кірістер департаментінің бірлескен жұмысшы тобы қала аумағында заңсыз орналастырылған және шаһардың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізетін сыртқы көрнекі жарнамаларға мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталып, жұмысшы топ өкілдері тарапынан сыртқы жарнама ілудің заңдылықтарына назар аудармай, өз қалауларынша жарнамаларды орналастырып жұмыс жасаған тұлғаларға ескерту берілді.
Айта кету керек, «Жарнама туралы» ҚР 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңының талаптарында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдардан белгілі бір мерзімге рұқсат алуы көзделген.
Сонымен қатар, қала әкімдігі тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі. Ал, ескертуді елемегендерге заң шеңберінде тиісті шаралар қолданылуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<