Жарқырап өткен жас ғұмыр

666

0

15 сәуір – Шығыстың жарық жұлдызы, Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды ұйымдастырушысы, Қазалы топырағының даңқты перзенті, қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың өмірден өткен күні.

Соған сәйкес бүгін Ғани Мұратбаев атындағы мемориалдық музейдің ұйымдастыруымен Қазалы қалалық Мәдениет Үйінде «Мәңгілік жас Ғани» атты еске алу шарасы өтті.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов ашып, жарық жұлдыздың аз ғұмырда жасаған еңбегі мен естеліктеріне тоқталды.

Шара барысында «Жас Алаш» газетінің тұңғыш ұйымдастырушысы болған Ғанидың бейнесі сахналанып, ҚР көркем академиясының академигі, композитор Шәміл Әбілтайдың «Ғани Мұратбаев» атты күйі орындалды.

Еске алу шарасы «Ғибратты Ғани ғұмыр» атты фильмімен қорытындыланып, жиылғандар «Ғани Мұратбаев – Алаш ардақтысы» атты көрмені тамашалады.

Қазалы ауданы әкімінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<