Жарқырап түскен бір жұлдыз

982

0

Сенбіде шағын футболдан белгілі журналист Сахитжан Бермағанбетовті еске түсіруге арналған облыстық турнир өтті. Бұл шара 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орайластырылды. Онда барлығы алты команда өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың ашылу салтанатында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов өңір журналистикасына өз өрнегін қалдырған абыройлы азаматтың есімі жерлестерінің жүрегінен өшпейтінін атап өтті.

Небәрі 25 жасында тікұшақ апатынан көз жұмған қарымды қалам иесі еңбек жолын студент кезінен бастап, қалалық қоғамдық телеарнасында редактор, хабарлардың авторы мен жүргізушісі болды. Одан кейін «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында редактор қызметін атқарып, «Түйін» ақпаратты сараптау бағдарламасын жүргізді.

Өмірінің кейінгі жылдарында облыс әкімінің баспасөз хатшысы, баспасөз орталығының жетекшісі болды. Өзінің өткір тілімен, батылдығымен ұшқыр ойлы журналист екенін көрсетті. Облыстық, республикалық деңгейдегі телебайқаулардың жеңімпазы атанды.

Ашылу салтанатында Сахитжанның анасы Меруерт апа жарысты ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.

Облыстық турнирде командалар екі топқа бөлініп сайысты. Жартылай финалда «Меншікті тілшілер» «Қоғамдық даму», «Сыр медиа» «Qyzylorda TV» командаларын қапы қалдырды.

Финалда «Меншікті тілшілер» «Сыр медианы» 4:2 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Үздік үштікті «Qyzylorda TV» түйіндеді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<