Жартыжылдық қорытындысына арналған жиын

360

0

Облыс бойынша ҚАЖД-ға қарасты №68, №37, №60 мекемелерінде жарты жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылау үшін жедел кеңес отырысы өтті. Басқосуға облыстық ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі М.Нәкенов төрағалық етті.

Жиналыста мекеме бастығы мен орынбасарлары 6 айдағы атқарылған жұмыс нәтежиелері бойынша баяндама жасады. Баяндамада атқарылған істер, бірқатар кемшіліктер де қозғалды. №68 мекеменің режим және күзет бөліміне, кезекші бөлімге, тәрбие бөліміне бірқатар сын-ескертпелер мен жеке құрам арасындағы тәрбие жұмысы, кадр бойынша бос орындарды толтыру, әсіресе жеке құрамның арнайы контигентпен қарым-қатынас орнатуда заң талаптарына сай болуы жағына аса көңіл бөлу керектігі ескертілді.

– №68 мемлекеттік мекемесінде 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылғандар қамауда болады. Олар мұндағы шаруашылық бөліміне жіберіледі. Бұл санаттағылар – қылмыстың жеңіл түрін жасаған, алдағы уақытта қылмыс жасамауға ниеттілер. Сотталғандарға арналған 20 орындық бөлімде қазір 17 азамат бар. Олар күнделікті мекеме аумағында тазалық жұмыстарын жүргізу, әктеу, сырлау, дәнекерлеу, көгалдандыру сынды еңбек түрімен айналысады. Тіпті асханада бас аспазға ас пісіруге көмектеседі. Ал мекеме асханасы күніне 200 адамды тамақпен қамтамасыз етеді. Бұл еңбектері үшін оларға жалақы төленеді. Шамамен 80 мыңнан асатын айлық жалақының белгілі бір бөлігі сотталғандардың отбасына беріледі.

Мұнда сотталғандармен ұдайы тәрбие жұмысы жүргізіледі. Психологтар арнайы тренинг өткізіп, олардың ойын, көзқарасын танып, ішкі күйін анықтайды, – деді мекеме бастығы Қ.Ілиясов.

Жиын соңында мекеме бастығы жоғарыда көрсетілген сын-ескертпелерді жою бойынша барлық іс-шаралар қабылданатынына сенім білдірді.

Басқа мекемелерге де қызмет салалары бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Жиын соңында үш мекеме қызметкерлеріне бірінші жартыжылдықтағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы шолу таныстырылды.

А.ӘДІЛЖАНҰЛЫ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<