Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы – бұл тарихи маңызды құжат қана емес, тұрақты, дамыған мемлекет құру жолындағы жүйелі, жоспарлы бағдарлама.
Биылғы Жолдаудың маңызды тұсы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға басымдық беруі болды. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының маңыздылығына тоқталып өтті.
Жолдауда айтылған негізгі мәселенің тағы бірі – жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту.
Сонымен қатар, «Біз гранттардың санын көбейттік, енді жауапкершіліктің кезеңі келді» деді Елбасы. Ең бастысы, келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет дегені көптің көкейінде жүрген мәселенің шешімі болды.
Бұл оқушылар мен мұғалімдердің артық жүктемелерден арылуы үшін қажет екендігін айтты.
Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы екенін еске сала отырып, жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажеттігіне тоқталды.
Ләззат ДҮЙСЕНОВА,
Қыздар педагогикалық университетінің
құқық және басқару негіздері кафедрасының
аға оқытушысы.
Қыздар педагогикалық университетінің
құқық және басқару негіздері кафедрасының
аға оқытушысы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<