«Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 13 қазан күні «берілетін жарық қуаты әлсіз болуы, жарық ақысы және мекеме мамандарының мәдениеттілік сақтамауына байланысты тұрғындардың өтініштері бойынша қоғамдық бақылау өткізілді.
Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Болат Нұрхожаев, облыстық арнайы мониторинг тобының мүшесі Майра Боранбаева, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Б.Қаракөзов, ЕЖШС «Энергиясервистін» директорының орынбасары Е.Сұлтанбеков және мекеме мамандары қатысты.
2022 жылдың қыркүйек айынының басынан бастап «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ҚР Энергетика министрлігінің және Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ энергетика субъектілерінің инвестициялық бағдарламасы бойынша тұтынушылардың коммерциялық есепке алу аспаптарын электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматты жүйесімен үйлесімді заманауи энергетикалық құрылғылармен жұмыс жасайтын коммерциялық есеп аспаптарына ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатқандығы туралы, ЕЖШС «Энергиясервистің» жарық ақысының ҰОС ардагерлер, мүгедектер, жалғыз басты пенсионерлерге жеңілдік көрсетілгені туралы айтты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<