Жарық заңсыз өшірілсе, қайда хабарласу керек?

730

0

ҚазақстанРеспубликасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы №356 «Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» бұйрығының 12-тармағына сәйкес сатушы тұтынушыға хабарлама жіберу фактісін растауға мүмкіндік беретін тәсілмен электр энергиясы үшін төлемегені немесе толық төлемегені үшін электр энергиясын беруді тоқтата тұрғанға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын тұтынушыны хабардар етуге міндетті.

Электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Осыған байланысты, бұзушылық фактілері болған жағдайда, ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментіне мына мекен-жай бойынша Қызылорда қаласы, Қызылжар тұйығы 3, 18 құрылыс, тел. 8(7242) 701484, немеса kyzylorda.kaenk@energo.gov.kzэлектрондық поштасына хабарласуыңызға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<