Жарық желілері қалыпты жұмыс жасауда

733

0

Ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні сағат 10:59-да Орталық Азияның (Өзбекстан, Қырғызстан) энергетикалық жүйесінде туындаған апаттық жағдайға байланысты «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» 500 кВ электр энергиясының транзиті үшін электр қуатының артуы орын алды.

Орын алған оқиғаға байланысты Қызылорда облысы, Қармақшы , Жалағаш Сырдария, Шиелі ,аудандарында электр жарығы уақытша өшірілді.

Қазіргі таңда сағат «KEGOC» АҚ жүйелік операторы апатты жою шараларын қабылдады. Байланыс қалпына келтіріліп, жүйелік оператордың пәрменімен «КРЭК» АҚ аймақтық электрмен жабдықтау желілерін қосты.

Сағат 12:10-да Қызылорда қаласы, Қармақшы Жалағаш және  Сырдария аудандарының абоненттері үшін байланыс қалпына келтірілді, 12:45-те Шиелі және Жаңақорған өңірінде ақаулықтар дұрысталып, байланыс қалпына келтірілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<