Жас ғалымдардың жасампаз жеңістері

865

0

2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде шәкірттеріміз жүлделі болып, мектеп абыройын асқақтатты.

Осы орайда Әли Мүсілімұлы атында №101 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы Айзере Әбжаппар «Қолданбалы математика» секциясы бойынша 1 орынды жеңіп алды. Жетекшісі Рыскүл Әбдіраманова.

«ТАНГРАМ» сөзі қытай тілінен аударғанда сөзбе-сөз «шеберліктің жеті тақтайшасы» – ойжұмбақ дегенді білдіреді. Ол жеті жазық пішіннен тұрады, оны белгілі бір әдіс бойынша бүктеу арқылы әлдеқайда күрделі пішін алу үшін қолданады. Танграм пішінін бүктеу техникасымен танысу және игеру процессінде менде сұрақтар туындады, – деді Айзере.

Бір қарағанда ойын тіптен қарапайым сияқты. Бар істейтінің шашылған бөліктерден қандай да бір фигура құрастыру. Бірақ ол бір қарағанда ғана солай. Кез-келген адам танграм фигураларын оңай құрастыра алмайды.

Жас ғалымдардың жасампаз жеңістері
Жас ғалымдардың жасампаз жеңістері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<