«ZHAS PROJECT» жобасы аясында 280 шағын грант бөлінеді

680

0

Фото: Жастар ресурстық орталығы

2024 жылы «Zhas project» жобасын жүзеге асыру ережелері туралы ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров тоқталып өтті.

Биыл конкурс шеңберінде 10 үкіметтік емес ұйым 1 млн теңгеден 280 шағын грант бөледі. «Zhas project» грант бағдарламасын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 2022 жылдан бастап, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырып келеді.

Еліміздің үш қаласы мен 17 облысын қамтитын жоба NEET (уақытша жұмысқа орналастырылмаған) санатындағы жастарды жұмысқа тұрғызу және олардың кәсіпкерлік қабілетін дамытуға бағытталған. Байқау бірнеше кезеңнен тұрады.

Жобалар әлеуметтік маңыздылық, нәтижеге қол жеткізу, бюджеттің оңды жұмсалуы сияқты критерий бойынша бес балдық ұпаймен бағаланады.

Байқау комиссиясының құрамына жастар саясаты, ішкі саясат, қоғамдық даму мәселелері жөніндегі басқармалардың, жастар ресурстық орталықтарының және тиісті өңірдің жергілікті үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кіреді.

«ZHAS PROJECT» жобасы аясында 280 шағын грант бөлінеді

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<