“ZHAS PROJECT” жобасы – жастарға үлкен мүмкіндік

576

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аймақта NEEТ санатындағы жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған “Zhas Project” жобасы қайта басталмақ. Аталмыш жобаға өтінімдер 25 наурыз бен 24 сәуір аралығында қабылданады. Бұл туралы Өңірілк коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы бойынша “Zhas Project” жобасының тәлімгері Әкімбек Әлібек мәлімдеді.

– “Zhas Project” жобасы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ-тың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Бұл жоба NEET санатындағы жастарды кәсіпкерлікке баули отырып, нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған. Тиісінше, байқауда осал топтағы жандар мен елді мекендердегі жастардың жобаларына ерекше басымдық беріледі. Ережеге сәйкес, осы жылдың 19 ақпанынан бастап 24 наурызына дейін түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Ал байқауға өтінімдерді қабылдау 25 наурызда басталады. Өтінімдерді конкурстық іріктеу 25 сәуір мен 14 мамыр аралығында өтеді. Байқау жеңімпаздарының есімдері 15 мамырда жарияланатын болады. Айта кетейік, өтініш беруші конкурсқа тек 1 ғана әлеуметтік жобасын ұсына алады, – деді Әкімбек Мұратбекұлы.

– “Zhas Project” жобасы жастарға үлкен мүмкіндік. Себебі, ойда жүрген кәсіпті немесе әлеуметтік жобаларды осы жоба арқылы іске асыра алады. Өз кезегінде облыстық жастар ресурстық орталығы жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың барлығын насихаттайды. Осының арқасында жастардың қызығушылығы айтарлықтай артып келеді. Сондықтан, аталмыш бағдарламаларды тиімді түрде пайдалануға шықырамыз, -деді облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Талғат Тілес.

Мөлдір Сағынбаева,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің

4-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<