«Zhas Project» жобасының жеңімпаздары анықталды

371

0

ҚР Білім және ғылым министрлігімен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы келісім аясында «Zhas Project» жобасы жүзеге асырылуда. Негізгі мақсаты осал топтағы жастардың бастамаларына қаржылай қолдау көрсету және осы арқылы шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Бұл жобаға кәсібін ашсам деген 16-29 жас аралығындағы жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі  жасқа 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар беріледі. 
Шиелі ауданынан «Zhas Project» жобасына 86 жоба ұсынылып, 30 жоба жеңімпаз болып танылып отыр. Әрбір жобаға 1 миллион теңге көлемінде қаражат берілетін болады. Тамыз және қаңтар айы аралығында жүзеге асырылады. Жеңімпаз топтардағы әрбір қатысушы 60-40 мың көлемінде шәкіртақы алатын болады және жоба алты ай бойы тегін қызмет көрсетеді. Ауданымыздағы жеңімпаз деп танылған жобалар білім беру саласы бойынша – 8, салауатты өмір салты және спорт – 5, отбасылық құндылықтар және дәстүр – 1, ғылым және техника – 4, экология және абаттандыру – 1, әртүрлі – 11 жоба ұсынылды. Тамыз айынан бастап, барлық жоба бойынша 121 жұмыссыз жастар жұмыспен қамтылатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<