ЖАС ШЕБЕРЛЕРГЕ ЖЕТЕКШІ ПАРТИЯ МАРАПАТЫ

393

0

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» партиялық жобалары аясында мүмкіндігі шектеулі балалардың қолөнер бұйымдары көрмесі өтті.

Мүмкіндігі шектеулі балғындардың өнерін жұртшылыққа танытып, қоғаммен байланысын арттыруды көздеген шараны «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев ашып, жас шебер­лерге шығармашылық табыс тіледі.

– Мемлекет басшысы, партия Төра­ғасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жол­дауында әлеуметтік мәселелерге ерекше тоқталып, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетуді қоғам болып жүзеге асыруды үнемі айтып келеді. Бұл бағытта үкімет, жергілікті билік тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше көңіл бөлініп, көрсетілетін қызмет түрлері жеңілдетіліп отыр. Жетекші партия өзінің «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» деп аталатын Сайлауалды бағдарламасында халықтың ең мұқтаж топтарына қолдау көрсетуді басты жұ­мыс­тарының бірі ретінде белгілеп, «Кедергісіз келешек», «Сәтті қадам» партиялық жобаларын жүзеге асырып келеді. Бүгінгі шара соның бір көрінісі, – деді И.Құттықожаев.

Көрмеге қаладағы 6 арнаулы оңалту орталықтарынан 76 оқушы қатысып, 200-ге жуық қолөнер бұйымы қойылды. Үздік деп танылған туынды иелері партия филиалы тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шынар БЕКБАН,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<