Жас жыршылар байқауы

1988

0

Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – мәртебем!» атты облыстық жас жыршы-термешілер байқауы өтті. Шараға қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев қатысып, талапкерлерге сәттілік тіледі.

Байқау ҚМДБ облыстық филиалы бойынша өкілдігі, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының облыстық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылған.

Тәуелсіздік тақырыбындағы және Сыр бойы жырауларының туындыларын жаңғырту, жас жыршылар арасынан үздіктерін анықтау, шығармашылығын өрістетуге қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылған байқауға облыс аумағынан 30 жасқа дейінгі 14 өнерпаз қатысты.

Жас жыршылардың өнеріне ҚР Мәдениет қайраткері, жырау Руслан Ахметов, ҚР Мәдениет саласының үздігі Айдос Рахметов және айтыскер ақын, М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры Нұрмат Мансұров қазылық етті.

Нәтижесінде, І орынды Әлішер Мырзағалиев, ІІ орынды Аяжан Шынберген иеленді. Ал, ІІІ орынды Қуаныш Алғазиев, Айдос Тұрар және Ақбота Жәку өзара бөлісті. Сондай-ақ, Жанболат Өмірзақ «Сұраған Мырзаев атындағы», Ізбасқан Дәулетхан «Құрманбек Бекпейісов атындағы» арнайы жүлдеге ие болды.

Барлық қатысушылар дипломдармен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<