Жасанды интеллект Қазақстанда қай салаларға енуі мүмкін

459

0

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мамандары редакция сауалына жолдаған жауабында жасанды интеллект Қазақстан экономикасының қай салаларына енуі ықтимал екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Жасанды интеллектті дамыту стратегиясы әлі де болса әзірлеу сатысында. Өйткені жасанды зейін жалпы қолданысқа арналған технология болып есептеледі. Ол елімізде мүмкін болған барлық саланы қамтып, өз әсерін береді. Әсіресе индустрияның тау-кен өнеркәсібі, мұнай кеніштерін өңдеу, жұмыс персоналын оңтайландыру сияқты салаларды өзгертеді», – деп жазылған жауапта.

Дегенмен, ведомство өкілдері бүкіл әлемде сияқты Қазақстанда да жасанды зейін әуелі қай салаларға енетінін нарық өзі реттейтінін айтады. Ал мемлекеттің міндеті – сол жобаларға қолайлы жағдай жасау.

Ресми жауапта мәлім етілгендей, Ғылым және жоғары білім министрлігі елдің жоғары оқу орындарында жасанды интеллект пәнін ілкі жоба ретінде енгізген. Сондай-ақ Astana Hub және басқа да инвестиция тартатын өзге де орталықтар жасанды интеллект алгоритмдерімен байланысты стартап жобаларын қарастырып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<