Жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды

487

0

🔹Бүгін Жалағаш кентіндегі Руханият орталығында ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

🔹Турнирге Өзбекстан Республикасы, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, Қызылорда қаласынан және аудандарынан келген 250-ге жуық спортшы 6 салмақ бойынша күш сынасуда.

🔹Мөрәлі Шәменов – әлеуметтік саланың дамуына, мәдениет пен өнердің, спорттың биік белеске көтерілуіне аянбай тер төккен азамат.

🔹Бұл турнир туған жерінің көркеюіне, ауылшаруашылығының өркендеуіне, ақ күрішті ақ алқапқа айналуына саналы ғұмырын сарп еткен, болмысы ерен тұлға Мөрәлі Шәменовке арналуы ұрпақтар сабақтастығының бір көрінісі.

🔹Турнирді ашу үшін алғашқы сөз аудан әкімі Ардақ Ибраимовқа берілді. Аудан басшысы өз сөзінде барша жалағаштықтар үшін орны бөлек, біртуар азамат Мөрәлі Шәменовтың артынан қалдырып кеткен өшпес мұрасы жайында айтты. Сонымен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев және ұрпақтары атынан Өмірбек Шәменов сөз сөйлеп, барша қатысушыларға Мөрәлі ағамыздың әруағы қолдасын деген игі тілектерін білдірді.

🔹Әрі қарай спорттық шара Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас дзюдошылардың жекпе-жегімен жалғасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<