Жасөспірім шақта балаға ата-ананың да, мұғалімнің де қолдауы қажет. Кейбір ата-ана баланы қалауындағы телефонын, киімдерін бәрін әпердім сол жеткілікті деп есептейді. Алайда, баламен ата-ананың көбірек уақыт өткізгені абзал. Баланың түрлі тақырыптағы ойы, қалауы, мақсаттарын біліп қолдау білдіру керек. Жасөспірімдер көбіне оқшау қалып, өзімен-өзі немесе ғаламторға байланып отырғанды қалайды. Бірге үй шаруасын атқарып, бірге дүкенге барып еңбекке араластыру керек.
Білім ошағында жасөспірімдер тәрбиесіне ерекше назар аударамыз. Олардың білімге, кәсіпті игеруге деген қызығушылығы арттыруға барлық жағдай жасалған. Оқу орнының тәрбие сағаттары да жасөспірімдерді дұрыс жолға бағыттауға арналған. Баланың жетістікке жетуінде ата-ана мен мұғалімдер байланысы маңызды. Сондықтан жиі ата-аналар жиналысын, кездесулер ұйымдастырып тұрамыз.
Бүгінгі жасөспірім ертең-ақ білікті маман болады. Еліміздің жарқын болашағы білімді, салауатты, рухты жастардың қолында. Сондықтан жасөспірімдер тәрбиесіне жауапты қарауымыз қажет.
Алмат МАМПАЕВ,
Жаңақорған аудандық аграрлы-техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<