Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының 2-тармағында балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екендігі белгіленген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес, ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті.
Алайда, кей жағдайларда балалардың қараусыз қалдырылуынан олардың арам ниетті бөтен адамдардың алдануына түсіп, азғындауға ұшырайтын кездері кездеседі.
Осыған орай, балаларды азғындардың арам ниетінен қорғау үшін оларға келесідей әрекеттерді жасамауды түсіндіру қажет:
1) Көшеде бөгде адаммен әңгімелесуге және оларды үйге кіргізуге болмайтынын;
2) Қараусыз қалған ғимараттарға және үлкен қалаларда лифтілерге бөгде адаммен кірмеуді. Лифтілерге ата-анасымен немесе туыстарымен ғана кіруді;
3) Үлкен адамдарсыз (ата-ана, мұғалімдер, туысқандар) бөгде автокөліктерге отыруға болмайтынын;
4) Бөгде адамдардан сыйлық алмауды және олар үйіне немесе басқа да бір жерге шақырған кезде келіспеуі керектігін;
5) Қеш батқанда көшеде жалғыз қалмау керектігін;
6) Егер үйде үлкендер болмаса бөгде адамдардың қандай сөздер айтқанына қарамастан үйге кіргізбеу керектігін;
7) Мас болып жүрген және қылмыс жасауға әуес адамдардан алыс жүруін, т.б.
Бұл ретте, ең бастысы ата-ана баласына өзін қауіпті жағдайда осылай ұстауы ұят емес, керісінше қажеттілік екендігін айтып түсіндіруі қажет.
Сонда ғана балаларды азғындықтан қорғауға мүмкіндік болады.
Ж.Абдраманова,
облыстық прокуратураның басқарма аға прокуроры
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<