Жастар арасында футболдан республикалық турнир жеңімпаздары анықталды

176

0

Фото автордан

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жастардың жастар саясаты жайында ақпараттану және жастар саясатына белсенді қатысу деңгейін көтеру мақсатында NEET санатындағы жастарарасында мини футболдан республикалық чемпионат өтті.

Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның гранттық қаржыландыруы аясында «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен «Ules» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Ұйымдастыру алқасына Базар жастары арасында «Жастар жасыл алаңда» Республикалық футбол турниріне Қазақстанның барлық өңірінен 100-ге жуық базар өтінім білдіріп10 000-ға жуық жас қатысуға ниет білдірді.

2024 жылғы 17 маусым күні Алматы қаласының, орталық стадионында турнирдің финалдық кезеңі өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

Аталған шараға Республикамыздың 8 өңірінен жастар қатысты. Жүлделі 1 орынды «Жамбыл» облысының құрамасы, 2 орынды «Жетісу» облысының құрамасы, 3 орынды «Атырау» облысының құрамасы иеленді. Сонымен қатар үздік ойыншылар марапатталды. «Үздік ойыншы» номинациясын Жетісу облысының ойыншысы Омаров Эльдар иеленді, ал «Үздік бомбардир» номинациясын Жамбыл облысының ойыншысы Сабыров Нұрлыбек, «Үздік қақпашы» номинациясын Астана қаласының ойыншысы Шәрбек Нартай иеленді.

«Ules» жобасы аясындағы «Жастар жасыл алаңда» футбол турнирінің координаторы Қадырбек Бауыржанұлы барша қатысушыларға алғыс білдіріп, өзінің ізгі тілегін білдірді:

– «Бүгінгі біздің «Жастар жасыл алаңда» атты Республикалық деңгейдегі жобамыз жоғары деңгейде өтті деген ойдамыз. Себебі, ойын өте тартысты өтті, барлық аймақтан келген командалар өте тәжірибелі, өз саласының үздіктері екен. Турнирдің сәнін келтіріп, нағыз Республикалық деңгейдегі ойын көрсетті. Барша қатысқан командаларға өз алғысымызды білдіреміз. Бұл шара базар жастары арасында, Республикалық деңгейде өткізіліп жатқан алғашқы шаралардың бірі. Барша жастарға үлкен мүмкіндік берді деген ойдамыз!»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<