Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу

1118

0

Жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу мақсатында Қызылорда облысының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Есірткі құралдары мен өзге де психоактивті заттардың зияны туралы» тақырыбында облыс көлемінде дәріс-әңгімелер өткізуде.

Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу

Кездесулер барысында басқарманың аға жедел уәкілі, полиция майоры М.Сұлтанханұлы оқушы, студенттерге қазіргі есірткі ахуалының динамикасы, нашақорлықтың медициналық, әлеуметтік, құқықтық салдары және есірткі құралдарының заңсыз айналымы туралы айтып, тергеу және сот практикасынан мысалдар келтіреді. Дәріс барысында қатысушылар нашақорлықтың пайда болу тетіктерін талқылайды.

Шара соңында есірткінің зияны туралы бейнероликтер көрсетілді. Жастар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өздеріде сұрақтар қоюда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<