Елімізде жұқпалы індет кең етек жайған кезеңде аудан жастары көптеген жұмыстар атқарды. Әсіресе олардың тұрғындарға аурудың алдын алу, қауіпсіздік шараларын түсіндіру бағытындағы еңбектері ұшан-теңіз. Қазалы аудандық жастар ресурстық орталығының жастары мен еріктілер «Бетперде тағып жүрейік» акциясы тегін медициналық маскалар таратты.
Сейсенбі күні аудан жастары халық көп шоғырланған жерлерге барып, 300 медициналық масканы үлестірді. Алдымен аудан орталығындағы халыққа қызмет көрсету орталығы, «Қазпочта» АҚ мен «Халық банк» АҚ Қазалы аудандық филиалдарының алдында кезекте тұрғындарға ұсынды.
Ал, кеше 300 дана масканы қоғамдық көліктер мен аялдамаларда тұрған жолаушыларға, орталық базардағы және азық-түлік дүкендерінде тұрғындарға таратты.
Бұл бастама әлі де өз жалғасын табады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<