Жастар денсаулығы – қоғам байлығы

1372

0

Биыл облыстық жастар денсаулығы орталығына жүгінген жастардың саны былтырғы жылдың үш айымен салыстырғанда 58,5 пайызға өскен. Аталған орталыққа көбіне кеңес алу, емдеу-сақтыру, психологиялық тұрғыда көмек алу мақсатында жүгінеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жастар денсаулығы орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігері Сәуле Қауысова хабарлады.

– Бүгінгі күні облысымызда 14-28 жас аралығындағы жастардың саны -176,985. Бұл облыс тұрғындарының 26,7 пайызын құрайды. Осыған сәйкес, жастардың денсаулығын сақтау және психологиялық тұрғыда көмек беру мақсатында біздің орталықта белсенді іс-шаралар жүргізілуде. Облыстық жастар денсаулығы орталығы 3 құрылымдық бөлімнен тұрады және жалпы тәжірибелі дәрігерлер мен акушер-гинеколог, уролог, дерматовенеролог мамандар қызмет етеді. Ал психолог мамандардан кеңес алғандар саны – 2282 жасты құрайды. Жалпы психолог мамандардан кеңес алушылардың басым бөлігі нәзік жандылар. Ал тұрғылықты жері бойынша қала тұрғындарының үлесі басым. Көбіне 15-28 жас аралығындағы жастар психологиялық көмекке мұқтаж. Оларға тиісінше керекті ақыл-кеңес беру және түрлі мәселелерін шешуге көмектесу – біздің негізгі міндетіміз, – деді Сәуле Смағұлқызы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<