Қазір аудан халқының 29,9 пайызы – жастар. 2023 жылы ерікті жастардың қатысуымен барлығы 350-ден астам іс-шаралар өтті. Ал оған 15 000 мыңға жуық жастар қатыстырылды.
Жастар бүгінге дейін 250-ден астам мәдени шара, 35 спорттық сайыс, мемлекеттік бағдарламалар бойынша сала мамандарымен бірге 60-астам кеңес беру акциясы, жастар арасында құқық бұзушылық тардың алдын алу бағыттары бойынша 50-ден астам қоғамдық рейдтік шаралар ұйымдастырды.
Сондай-ақ сала мамандарымен бірге ашық есік күні акциясы аясында 5000-нан астам жастарға кеңестер берілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<