Жастар керуені аудандарды аралауда

283

0

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аймағымызда түрлі деңгейде, әртүрлі салада көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Солардың бірі – облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы негізінде ұйымдастырылып отырған «Жастар рухани жаңғыру» жолында атты жастар керуені.

 2 тамыз күні  Шиеліден бастау алған керуен аймағымыздың барлық аудандарын аралап келеді. Жастар керуенінің аясында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахманова, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшылары Әлима Әбдіхалықова, Гүлмира Әшірбекова бастаған бір топ жастармен кездесулер өткізуде. Кездесу барысында жастарды прагматик, елжанды азамат болуға шақырып, бағдарламаның мәні мен мазмұны, оған жастардың қосатын үлесі кеңінен  айтылуда. Сонымен қатар, жастардың танымдық білімдерін арттыратын, салт-дәстүріміз бен тарихымыздан сыр шертетін интеллектуалдық ойындар ойнатылуда. Ұлттық ойындардан түрлі сайыстар ұйымдастырылып, соңы концерттік бағдарламаға ұласуда. Шарадан керемет әсер алып, жазғы мезгілдегі бос уақыттарын тиімді өткізген жастар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіруде.

Айта кетейік, «Жастар рухани жаңғыру жолында» атты керуен бүгінгі таңда Шиелі, Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарында болды. Өз кезегінде мұндай шаралар  Қазалы, Арал аудандары мен Байқоңыр және Қызылорда қалаларында өткізілетін болады.

 

М.Қожахметова,

Облыстық «Рухани жаңғыру» 

орталығының маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<