«Жастар керуені» жобасы басталды

612

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Жыл сайын аудан әкімдігінің қолдауымен және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Жастар керуені» жобасы биыл да жалғасын табуда. Аталмыш жоба алдағы уақытта барлық ауылдық округтерде жалғасып, ауыл жастарына жан-жақты қолдау, олардың бос уақыттарын тиімді өткізу бағытында бірқатар шаралар өткізілмек.

«Жастар керуені» жобасы бұл жолы Ғани Мұратбаев ауылына аялдады. Жоба аясындағы шаралар алдымен «Еңбек Даңқы» орденінің иегері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Күнділда Төлегеновпен кездесумен басталды. Кездесуде жастар еңбек адамының өнегелі өмір жолына қанық болып, бала тәрбиесі, ұлттық құндылықтар жайында әңгіме өрбітіп, еңбек адамымен ашық пікір алмасты.

Мұнан соң жоба аясында ауыл келіндері арасында қазанжаппай жабудан сайыс, қол күрес, арқан тартыс, гір көтеру сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауыл тұрғындары мен жастарға сала мамандары тарапынан кеңес берілді.

Ғани ауылында өткен тағылымды шараларға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов қатысып, дәстүрге айналып келе жатқан «Жастар керуені» жобасының маңызы мен тиімділігіне тоқталды. Сонымен қатар түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген бірқатар жастарға аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыстады.

Шара соңы гала концертке ұласып, жиналған көпшілік аудан өнерпаздарының өнерін тамашалады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<