Жастар өндіріс орындарына экскурсия жасады

421

0

Фото: Жастар ресурстық орталығы

Жастарды кәсіпкерлікке баулу және жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту сонымен қатар, еңбекке қызығушылығын арттыру мақсатында жастар ресурстық орталықтары (облыстық, қалалық) бірігіп, қалалық пробация қызметі есебіндегі 15 жастың қатысуымен жеке кәсіпкер «ИП НУР и Б» өндіріс орнына экскурсия ұйымдастырылды.

Жастар өндіріс орындарын аралап, жұмысымен танысып, «Пластик», «Жиһаз» шығаратын цех басшысы Н. Балтабаймен сұхбаттасты. Экскурсияға қатысушыларға кәсіп ашу, өндіріс орнын құру сондай-ақ, оны әрі дамытудың жолдары түсіндірілді.

Сондай-ақ, шара соңында мекеме басшысы қолынан іс келетін әрбір жасты өзіне тұрақты жұмысқа қабылдайтындығын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<