Жастар Президент Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды талқылады

427

0

Фото: ашық дереккөз

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды талқылау мақсатында кездесу өтті. Жиында Жолдауды жүзеге асыру жолдары мен атом электр станциясының маңыздылығы айтылды.

Кездесуге әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Нұртайұлы, Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов, комплаенс-офицер Әлібек Жаппасбаев, университеттің кәсіпкерлік орталығының жетекшісі Жанарыс Түбекбаев, Экономика және құқық институтының директоры Гүлшат Дүзелбаева мен білім алушылар қатысты.Спикерлер Жолдауда көрсетілген білім беру, экономика, әлеуметтік саясат және цифрландыру бағыттарына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, Жолдау мазмұнын терең түсіндіріп, оны жүзеге асыруда жастардың рөлінің маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, еркін форматтағы кездесу жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Жастар Президент Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды талқылады

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<