Жастар керуені Жалағашта

282

0

12 тамыз – Халықаралық жастар күнін атап өту мақсатында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысына сәйкес, жастар керуені аясында  гір тасын көтеру және арқан тартудан спорттық сайыс өткізілді.
Сайыс қорытындысы бойынша гір тасын көтеру сайысында 1 орынды Ерасыл Әубәуір иеленсе, 2 орынды Нұрқаділ Зада жеңіп алып, 3 орынды Ербол Ерғали қанжығасына байлады. Ал арқан тарту сайысында ауыл және Жалағаш кенті жастарының арасында тартысқа толы бәсекеде ауыл жастарының мерейі асып, жүлделі орынды иеленді.
Сайыста жүлделі орын алған барлық қатысушылар алғыс хаттар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<