Жастар Жолдауды тыңдады

1367

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдауын Облыстық жастар ресурстық орталығы, «Рухани жаңғыру» орталығы және «Ақпаратты талдау» орталығының ұжымы мен азаматтық бастама өкілдері құлақ түріп, тыңдады.

Мемлекет басшысы жолдауында: «Біз тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңіп келеміз. Мұның бәріне берекелі бірлік пен еселі еңбек арқылы жеттік. Еліміз тәуелсіздік жылнамасының үшінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Бұл кезеңнің оңай болмайтындығы қазірдің өзінде айқын байқалуда. Кез келген сын-қатерге дайын болуға тиіспіз. Тынымсыз ізденіп, ұдайы алға ұмтылуымыз қажет», – деді

Жастар Жолдауды тыңдады

Сонымен қатар, ел Президенті жастарға әрдайым сенім артатынында сөз басында айта өтті. Сол себептен де, жас буынға түрлі саланы еркін меңгеріп, өзінің қалаған ісімен айналысуына мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар жасалуда.

Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ел ахуалына тоқталып, бірқатар мәселелердің басын ашып, шешілу жолдарын қарастырды.

Облыстық жастар ресурстық орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<