Жастарға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске асырылуда

723

0

Фото: ашық дереккөз

21-35 жас аралығындағы жастар жеңілдетілген 2,5 пайызбен несиені алу мүмкіндігі бар. Егер жеке кәсіпкер болса, кәсіпкерлігінің тіркелген уақыты 5 жылға дейін болуы тиіс. Облысымыздың жас тұрғындары несие алу үшін тиісті құжаттарын несиелендірудің сенімді өкілі ретінде танылған – Аграрлық несие корпорациясына тапсырады (одан әрі – АКК).

Несиенің негізгі шарттары:

1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;

2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 (бес) миллион теңгеге дейін;

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;

4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер.

Шағын несие алу мәселесімен сұрақтар бойынша және дайын құжаттарды тапсыру үшін Аграрлық несие корпорациясына хабарласыңыздар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<