Жастарға салауаттылық жарасады

829

0

Қазақстан – зайырлы мемлекет!

Біз, Қазақстан жастары, келешегі кемел, болашағы жарқын, жан-жақты білімді  жастарға нашақорлық пен  уытқұмарлықтың алдын алу қажеттілігін  насихаттағымыз келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында: «Синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіруде. Нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы емін-еркін сатып алып  жатыр. Есірткіні, тіпті, үйге әкеп беретіндер бар. Бұл – аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел. Сондықтан нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажет», – деп атап өтті. Біз осы ұстанымды қолдай отырып, Қазақстан жастарына үндеу жолдаймыз!

– Бүгінгі әлемдік деңгейдегі маңызды мәселелерге бейжай қарай алмайтынымызды көрсете отырып, насихаттауды арттыруды;

– Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болуды;

– Тәніңізді  улы заттармен ластамай, саламатты өмір сүруді;

– Бос уақытыңызды өзіңіз үшін, еліңіз үшін пайдалы  іске арнауды;

– Өзіңіз жақсы көретін спорт түрімен айналысуды;

– Өмір бір-ақ рет беріледі, оны ғажап етіп сүру өз қолыңызда екенін ұмытпауды;

– Тәуелсіз елдің кемел келешегі Сіздің қолыңызда екенін әсте есіңізден шығармауды;

– Қазақстанның  әлемдегі  ең  денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын ұстанатын ел екенін қолдаймыз!

– Нашақорлыққа «Жоқ! – деп айтуды үйрен» деген  ұранмен күресуге шақырамыз!

#есірткігеқарсы, #противнаркотиков 

Ұлдай ҚАРАТАЕВА,

№273 орта мектеп оқушысы.

Қармақшы ауданы,

Байқоңыр қаласы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<