Жастармен еркін форматта жүздесті

392

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

«Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» тақырыбында аудан әкімі Жандос Еркінбек жастармен еркін форматта кездесті.

Кездесуге кент және ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі мамандары, жас спортшылар, жас кәсіпкерлер, белсенді оқушылар мен еріктілер қатысты. «Жастар – қай кезеңде болмасын қоғамның қозғаушы күші, негізгі тірегі болып табылады. Еліміздің өркендеп өсуі өздеріңіз секілді жалынды жастардың белсенділігіне байланысты. 2022 жылы жастардың санаты 29 жастан 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Бұл жастарымыздың мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатысуға мол мүмкіндік берді. Биыл ауданымыздан бой көтеретін «Руханият» орталығына жастар орталығы орналасады. Орталық жаңа ғимаратқа көшіп, жастардың жаңа тартылыс ортасы пайда болады», – деді Жандос Еркінбекұлы.

Аудан басшысы жастардың өзекті сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстары мен пікірлерін тындап, жастар бастамаларына қолдау білдіретінін жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<