Жасұлан Баймаханов – жаңа қызметте

1415

0

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының №475-ж Бұйрығына сәйкес, еңбек шарты бойынша 2023 жылдың 26 қазанынан бастап Баймаханов Жасұлан Болатбекұлы көпбейінді облыстық ауруханасының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

Жасұлан Баймаханов 1985 жылы 9 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 2008 жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін «Емдеу ісі» факультеті бойынша бiтiрген.

Еңбек жолын 2009 жылы А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында дәрігер резидент болып бастаған.

2012 жылы А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында хирургия бойынша резидентураны тәмамдаған.

2012 ден 2016 араларында Жапонияда, Нагасаки университеттік ауруханасының хирургия бөлімшесінде клиникалық дәрігер;

2016 жылдан бастап кейінгі 7 жыл ішінде А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының хирург трансплантолог, бас ғылыми маманы және көпсалалы хирургия бөлімшесінің менгерушісі;

2022 жылдан бүгінгі күнге дейін Алматы қаласы орталық клиникалық ауруханасы директорының хирургия бойынша орынбасары қызметін атқарған. Жасұлан Болатбекұлының жаңа қызметiне сәттiлiк тiлеймiз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<