4 ақпандағы мәлімет бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 38 адам тіркелді,
184 науқас емделіп шықты. Жалпы 2020 жылдан бері қауіпті індетпен 23 862 науқас тіркеліп, 22 603-і аурудан айықты.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. «Сары» аймақта Шымкент қаласы, Жамбыл, Маңғыстау облыстары орналасқан. Ал Қызылорда, Түркістан облыстары «жасыл» аймақта. Бұған дейін Сыр өңірі «сары» аймақта болатын.
4 ақпандағы мәлімет бойынша елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 648 жағдай тіркелді.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<