Елімізде «жасыл» экономикаға бет бұруына даңғыл жол ашылды. Бұл бағытта бұрын атын да, затын білмейтін технологиялар сан салаға енгізіле бастады.
Оның басты қағидатының бірі – табиғи ресурстарды барынша құнттап, үнемді пайдалану. Аталған жоба жыл бойы жұмыс істейді. Ол оқушылардың экологиялық проблемаларды түсініп, еңбекқор болып өсуіне зор әсерін тигізеді. Әр бала өсімдіктің қалай өсетінін, оған қандай күтім керек екенін біледі. Бұл келешекте пайдасын тигізетін білім болары анық.
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуде оқушылардың әлеуметтік белсенділігі артады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп, оны баптауға баулитын «Жасыл мектеп» бағдарламасы арқылы мектеп іші мен ауласын көгалдандыруға жол ашылады. Гүл өсіру мәдениетін дамыту арқылы оқушыларды табиғатты аялап, қастерлеуге үйрету, жауапкершілікті қалыптастыру – негізгі міндеттің бірі. Осы мақсатта оқушыларды жаңа мектепті көгалдандыру жұмыстарына жұмылдыра отырып, қосқан үлесі арқылы қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік бар.
Индира КАМАЛОВА,
«Ұлағат» білім ордасы» жеке жалпы білім беру мекемесінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<