Жат әдетке жолама

472

0

Жастарды жат әдеттен сақтандыру. Заңсыз ойын бизнесінің алдын алу шараларына бағытталған республикалық «Ойын, тоқта!» акциясы аясында студент жастармен кездесулердің негізгі мақсаты – осы.

Облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Қызылорда қаласындағы құрылыс және қызмет колледжінің студенттерімен кездесті. Кездесу барысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты тұлғаларға көрілетін қылмыстық жауапкершілікпен қатар, ойын ойнаушы тұлғаға да қарастырылған әкімшілік жауапкершілік туралы мамандар түсінік берді. Бейнероликтер арқылы құмар ойынның зардабы көрсетілді.

Студент жастардың сұрақтарына жауап берген қызметкерлер соңғы айлардағы заңсыз ойын бизнесіне қатысты анықталған фактілер мен заңсыз айналымнан алынған айғақтар туралы деректер келтірді. 2019 жылдың 8 айында департамент қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша (ҚР ҚК 307 бабы) өндірісте 16 қылмыстық іс болған, оның 8-і сотқа жолданған.

 Анықталған орындардан 45 монитор, 40 процессор, 26 телевизор, 8 кассалық аппарат, 18 терминал, 6 бейнежазғыш және 2 млн. 799 мың теңге ақшалай қаражат айналымнан алынды.

«СБ» ақпарат.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<